
Тараз қаласы Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде алдымен №1 аумақтық округінің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлының тұрғындар алдындағы есебі тыңдалды.
№1 аумақтық округ құрамына 4 шағын аудан («Алатау» (8), «Талас» (6), «Бәйтерек» (13), «Арай-2» ), 4 тұрғын алқап (Тайвань, Көктем, Арай, Әуежай) кіреді. Округтегі жалпы халық саны – 103 590 тұрғынды құрайды.
Округте 10 мектеп (№3 мектеп лицей, 20, 28, 40, 43, 48, 63, 66 орта мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі, жекеменшік инновациялық бастауыш мектебі), 5 мемлекеттік және 14 жекеменшік балабақша, 1 колледж орналасқан.
Өткен жылы аумақта 7 көше орташа жөндеуден, 16 көше, 9 бұрылыс, 4 шағын ауданның аула жолы ағымды жөндеуден өтіп, 17 көше мен бұрылыстарда жаяу жүргіншілер жолы салынған. Сонымен қатар 7 аялдама қайта жаңартылды. Халық тұрмысын жақсарту мақсатында 6 көппәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтті, 10 үйдің қасбеті жөнделді және 4 лифт орнатылған.
Жиын барысында аумақ тұрғындары әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша сауалдар қойды.
Халық тілегін тыңдаған аудан басшысы алдағы уақытта көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатындығын айтты.