Әулиеата ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

Әулиеата ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

Тараз қаласы Әулиеата ауданының әкімі Барлық Төреханов №1 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосу барысында округтің бас инспекторы Нышанәлі Телеуов атқарылған жұмыстарды баяндады.

№1 аумақтық округіне «Астана» (12) шағын ауданы, «Төрткөл», «Дорожник», «Бектөбе» және «Қызылшарық» тұрғын алаптары кіреді. Округ халқының жалпы саны – 42 800 адамды құрайды.

2025 жылы округ аумағындағы С.Рахимов, Әл-Фараби және «Астана» шағын ауданы №30 үйге кіре берістегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Махамбет батыр, Ұлбике ақын, Е.Ниетқалиев, Рысбек батыр көшелері күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ Төле би даңғылы №76 және Аппасов көшесі №30 үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшалары салынып, «Бектөбе» және «Қызылшарық» алаптарындағы көшелердің түнгі жарық шамдары қалпына келтірілді. Сонымен қатар аталған алаптарға ауыз су тартылды.

Келесі кезекте тұрғындар тарапынан жарықтың жиі сөнуі, көшелерді асфальттау және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.

Барлық сауалды мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір мәселе тұрақты назарда болатынын атап айтты.