
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар лифт мәселесін ретке келтіру, көпқабатты үйлердегі ыстық су, салқын су және кәріз жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, . үйдің бейнебақылау камерасын қосу, тұрғын үй төбесінен су ағуы және жертөле жағдайын жүйелеу, жер кезегі және әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың тұрғын үй кезегі бойынша сауалдар қойды.
Қабылдауда сондай-ақ тұрғын үй аумақтарына дератизация, дезинфекция жасауды қолға алу керектігі жөнінде мәселе көтерілді.
Сонымен қатар тұрғындар коммуналдық төлем, әлеуметтік көмек түрлері туралы сауал қойды.
Қабылдау кезінде қойылған сұрақты зерделеу барысы тиісті сала мамандарына тапсырылды.