Әрбір азаматтың өтініші маңызды

Әрбір азаматтың өтініші маңызды

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар тарапынан тұрғын үй, тұрақты жұмыспен қамту, қураған талдарды кесу, кейбір қоғамдық көліктің бағытын ұзарту, жер кезегі мен алынған жер телімін құжат жүзінде дұрыстау, қаңғыбас иттерді аулау бойынша тиісті талаптарды ң орындалуы, қоқыс алаңшасының санитарлық талапқа сай келуі және тағы басқа мәселелер көтерілді.

Шаһар басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптары мен шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Қабылдау қорытындысы бойынша Бақытжан Әмірбекұлы тиісті сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, қосымша уақытты қажет ететін түйткілдерді жеке бақылауына алатынын жеткізді.

Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде өткізіліп келеді.