
Тараз қаласындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға, атап айтқанда қызылша ауруының өршуіне байланысты бүгін бірқатар ақпараттық-түсіндірме кездесулері ұйымдастырылды.
Кездесулерге аумақтық жауапты емханалардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, «Садыхан», «ZhanUia», №5, №7, №9 қалалық емханаларға қарасты мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен балабақшалардың басшыларымен кездесулер өткізіліп, қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында білім беру ұйымдарының басшыларына қаладағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы жан-жақты ақпарат беріліп, балалардың денсаулығын тұрақты бақылауда ұстау, ауру белгілері анықталған жағдайда оларды шұғыл түрде медициналық ұйымдарға жеткізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.