
Крещение мерекесіне орай, жергілікті атқарушы органдар шомылуға арналған 4 орынды анықтады.
Атап айтқанда:
1) Талас өзені арқылы өтетін көпірдің сол жағалауы; Қызыл Жұлдыз және «Қарасай» тұрғын алқабының маңы;
2) Аса өзені арқылы өтетін көпірдің жанында, «Жаңа Жамбыл» фосфор зауытына қарай автожол бағытында;
3) Қаратау-Жаңатас тас жолының жанындағы «Әулие бастау» бұлағы;
4) «Ақбұлақ» бұлағы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Ш.Смаханұлы көшесі.
Аталған шомылу орындарында құтқарушылар, ТЖД қызметкерлері, білікті медицина мамандары және полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік етеді.
Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қала ТЖД мамандары мыналарды ұсынады:
арнайы белгіленген жерлерде шомылу;
ішімдік ішіп шомылуға болмайды;
ашық жерде (мұзда) суға түсуге арналып жабдықталған орында үш адамнан артық болмауы керек;
шомылудан бұрын денені қыздыру маңызды,
жүгіру арқылы қыздыру керек;
дәрігерлер мен құтқарушылар бар жерде суға түсу;
суға түсіп болғаннан кейін құрғақ сүлгімен сүртініп, құрғақ киім киіп, жылы шай ішкен жөн.
Православтардың Крещение мерекесіне орай суға түсу рәсімі 19 қаңтарда атап өтіледі.