
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері қала аумағында ауа райының одан әрі суытуы күтіледі.
Қыс мезгілі басталып, ауа температурасының төмендеуіне байланысты көмірге деген сұраныстың артуы мүмкін. Осыған орай, тұрғындарға тұрмыстық қатты отынды дер кезінде сатып алып, жылыту маусымын тұрақты өткізу ұсынылады.
Қала аумағында тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында көмір сатылымы 7 мекенжай бойынша ұйымдастырылған. Атап айтқанда:
Мәмбет батыр көшесі, 19а;
Балуан Шолақ көшесі, 2;
Сыпатай батыр көшесі, 12а;
Мәмбет батыр көшесі, 23;
Мәмбет батыр көшесі, 21;
Қостанай көшесі, 210А;
А.Байтұрсынов көшесі, №1.