Таразда жылыту маусымының өту барысы жайында штаб отырысы өтті

Таразда жылыту маусымының өту барысы жайында штаб отырысы өтті

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жылыту маусымының өту барысы бойынша штаб отырысын өткізді.

Дайындық жұмыстарының аяқталуы мен түнгі мезгілде ауа-райының салқындауына байланысты қала әкімінің 2025 жылдың 3 қазанындағы №54-ө өкіммен білім беру және денсаулық сақтау нысандарына қазан айының 6-сынан бастап, ал көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқада нысандар қазан айының 9-ынан бастап тұрақты жылу берілуде.

Бүгінгі таңда жылыту маусымының 98-ші тәулігі өтті. Барлық жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Сондай-ақ барлық кәсіпорында апаттық топтар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Жиын барысында қала әкімі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы кәсіпорындарға тәуліктік кезекшілікті тұрақты ұйымдастыру, қазандықтардың қалыпты жұмысын қатаң бақылауда ұстау, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда басшылардың кезекшілігін үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаладағы барлық коммуналдық қызметтерге жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтату және арнайы техникаларды қажетті жанар-жағар май қорымен қамтамасыз ету міндеттелді.