Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға барлық көмек көрсетілуде

Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға барлық көмек көрсетілуде

2025 жылы 31 желтоқсан күні сағат 22:18-де Тараз қаласы, «Қарасу» (5) шағын ауданындағы 90 пәтерлі,5 қабатты №15 тұрғын үйдің 5-қабатындағы балконнан өрт шығып, кейін шатырға ұласқан. Шатырдың жану аумағы шамамен 900 шаршы метрді құрады. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте балкон мен шатыр ашық отқа оранып жатқан.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастыру мақсатында төтенше жағдайлар депарменті қызметкерлерінің күшімен баспалдақ арқылы 273 адам эвакуацияланды.

Сағат 23:41-де өрт толықтай оқшауланды. Өртті сөндіруге 3 жауынгерлік учаске, 7 су оқпаны тартылып, 62 адам және 22 техника жұмылдырылды. Қоғамдық тәртіпті Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етті.
Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайға байланысты оқиға орнында жылыту пункттері ұйымдастырылып, жедел штаб құрылды. Штаб төрағасы - Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес зардап шеккен тұрғындарға №25 орта мектеп базасында эвакуациялау пункті ашылды. Ал қонатын тұрғын үйлері жоқ 20-дан аса тұрғын, оның ішінде 5 бала «Жасмин» және «24/7» қонақ үйлеріне орналастырылып, ыстық тамақпен және жататын орындармен толықтай қамтамасыз етілді.
Өрттің шығу себептерін анықтау бойынша штаб тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар аталған үйдің аумағына Тараз қаласы, «Әулие ата» ауданы әкімінің орынбасары және Төтенше жағдайлар департаментінің 4 адам және 2 техника, Полиция қызметкерлерден арнайы 2 экипажы таңға дейін кезекшілік ұйымдастырылды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков оқиға орнында жағдаймен жіті танысуда.

Төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тұрғындардың барлығы шақырылып, әр пәтер бойынша шығын көлемін есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар мердігерлер шатыр жабындыларын алып, қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті. Жағдай толық бақылауда.