
“Шөлдала” алқабында “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында салынған 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар және қала тұрғындары қатысты.
Ең әуелі Ербол Шырақпайұлы жылы лебізін білдіріп, мектеп ұжымына арнайы сертификатты табыстады.
«Агроспецстрой» ЖШС мердігерлігімен бой көтерген білім ордасы оқу бөлмелері, зертхана, шеберхана, кітапхана, коворкинг орталықтары, робототехника және медициналық кабинеттермен, заманауи құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілген.
Бұл – аталмыш жоба аясында Тараз қаласында есігін айқара ашып отырған төртінші білім ошағы. Бұған дейін «Бәйтерек» (13) пен «Ұлы дала» (15) шағын аудандарында 1 200 және 2 000 орындық 3 «Келешек мектебі» қолданысқа берілген болатын.