
Таразда 11 желтоқсан күні «Мүмкіндіктер алаңы – жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту» атты жәрмеңкесі өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды, пробациялық есепте тұрған тұлғаларды және өзге де жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тарту, тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Жұмыспен қамту жәрмеңкесі МART сауда орталығы, Төле би, 27 мекенжайында өтеді. Іс-шара 16:00-де басталады.