
Таразда ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбековтің құрметіне арналған рухани-мәдени іс-шаралар аясында бюстке гүл қою рәсімі өтті.
№40 гимназия алаңында бой көтерген бюстке гүл қою рәсіміне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Соцалистік Еңбек Ері, «Құрмет» орденінің иегері Төлен Ағабеков, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Фатима Тарази құрметті қонақ боп келді.
Жиында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова сөз сөйлеп, көрнекті суретші әрі өнертапқыш, көптеген жеке көрмелердің авторы және бірқатар шығармашылық жобалардың иесі Шәкен Ниязбековтің мағыналы ғұмырын көпке үлгі етті.
Жиын соңында жиналған қауым Шәкен Ниязбековтің шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.