ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жастармен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жастармен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласының жастарымен кездесті.

Жиынға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай және шаһардың белсенді жастары қатысты.

Кездесу барысында қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Азамат Нәмелбек сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Мәлік Нұржанұлы тарих, руханият, мәдениет туралы жастармен еркін әңгіме өрбітті.