Қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

Қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

28-29 қараша күндері қала әкімдігі, қалалық прокуратура, полиция басқармасы және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы аумағында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында компьютерлік клубтар, ойын-сауық және қоғамдық орындарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық іс-шара нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 54 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 127, 441, 442 және 132 баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жүйелі түрде жалғасады.