Жас сайлаушылар форумы өтті

Жас сайлаушылар форумы өтті

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және қалалық Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен жас сайлаушылар форумы өтті.

Жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыруды мақсат еткен жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қатысып, сайлау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуге атсалысып жүрген белсенді жастарға арнайы Алғыс хаттарды табыстады.

Форум барысында сайлау жүйесін дамытуға және жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған жастардың баяндамалары тыңдалып, «Мен сайлау туралы не білемін?» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ жастардың ұйымдастыруымен «Әр дауыс-маңызды» атты көрініс көпшілік назарына ұсынылды.