
Құрметті тараздықтар!
22 қараша күні Жамбыл даңғылы 18 «Д» мекенжайында кезекті дәстүрлі ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде қала тұрғындарына қолжетімді бағамен өңірдегі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің экологиялық таза, балғын өнімдері ұсынылады. Сауда сөрелерінде ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бал, ұн және өзге де күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері сатылады.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты — тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау және бағаның тұрақтылығын сақтау.
Шара сағат 09:00-де басталады.
Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!