Қала әкімі тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

​Қабылдауға жазылған 10 тұрғын негізінен әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді. Олардың қатарында қоғамдық көлік, балалар ойын алаңы, жабық футбол алаңшасы, спорт кешенін салу, талдарды кесу, аулаларды абаттандыру, жер кезегі секілді өтініш-тілектер бар.

Қала тұрғындарының сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.