Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы – басты назарда

Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы – басты назарда

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер Палатасының алаңында кәмелетке толмағандарды жұмысқа алу заңдылығы бойынша кездесу өтті.

Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, облыстық еңбек инспекциясы, қалалық прокуратура, қалалық полиция басқармасы, Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және білім бөлімінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы мен қауіпсіздігін қорғау, заңсыз жұмысқа тарту мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Бүгінде қала әкімінің өкімімен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Топ құрамына прокуратура, полиция, білім, қалалық және екі аудан әкімдігінің қызметкерлері енгізілді. Соған орай апта сайын рейдтік жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.