
Тараз қаласында балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс қимыл және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі 9 жұмыс тобы құрылған болатын.
Оның ішінде психолог мамандар, ардагерлер, полиция қызметкерлері мен жауапты саладағы мемлекеттік қызметкерлер бар.
Соған орай Тараз қаласының әкімі, аталған топтың жетекшісі Бақытжан Орынбеков мектеп оқушыларымен арнайы кездесу өткізуде. Бүгін осындай жүздесу Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте жалғасты.
Жиын барысында шаһар басшысы заң алдындағы жауапкершілік, отбасындағы тәрбие, білім мен тәртіп, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен әлімжеттікке тосқауыл қою туралы балалардың ой-пікірілерін тыңдап, ашық әрі еркін форматта сұхбаттасты.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдерге қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын дамыту болды. Сонымен қатар жиын заң бұзушылықтың алдын алып, әрбір оқушыны жауапты, саналы азамат болып қалыптасуға ынталандыруға бағытталды.