
Ел азаматтары Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге түсіп тұр.
Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.
Тәуелсіздік күні елде мемлекеттік мереке ретінде тойланады.
Желтоқсандағы кәсіби мерекелер
Желтоқсанда бірнеше кәсіби мереке бар. Бұл күндері демалыс берілмейді.
5 желтоқсан – адвокатура күні
6 желтоқсан – прокуратура күні
20 желтоқсан – Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні
Желтоқсанның үшінші жексенбісі (21 желтоқсан) – Энергетиктер күні
22 желтоқсан – архив қызметкерлері күні.