«Жібек жолы» ауданы әкімі тұрғындармен кездесті

«Жібек жолы» ауданы әкімі тұрғындармен кездесті

Кездесуде Қарлығаш Аралбекова №5 аумақтық округ тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, аймақтағы мәселелермен танысты.

Сондай-ақ округтің бас инспекторы Олжас Бақытжанұлы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Өткен жылы Сұлутөр алабында 15 көше орташа жөндеуден өтсе, 2025 жылы Жалпақтөбе алабында 13 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Келер жылы Түрксіб алабындағы 7 көше және Жалпақтөбе алабындағы 3 көше орташа жөндеуден өтпек.

2024 жылы округ аумағында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Округте жалпы саны 176 көшенің 38 көшесінде, яғни 21,6%-на жарық орнатылған. Жыл сайын жарықтандыру мәселесі бюджет мүмкіншілгі мен жоспарға сай жүргізіледі.

Аймақта ауыз су мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазіргі таңда 981 ауланың 520 ауласы абоненттелді. Сондай ақ, жеке тұрғын үйлердің су жүйесіне қосылу мәселелері бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумақтық округ бойынша таза ауыз сумен қамтылған тұрғындар саны 88% пайызды құрайды.

Алдағы уақытта халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға көзделген шаралар өз жалғасын рет-ретімен табатын болады.