Таразда заңсыз орнатылған дүңгіршектер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Таразда заңсыз орнатылған дүңгіршектер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Таразда заңсыз орнатылған дүңгіршектер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Тараз қаласында заңсыз орнатылған сауда дүңгіршектері бойынша тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар Ұлы Дала шағын ауданында жалғасуда. Мамандар кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіріп, рұқсатсыз сауда нүктелерін орнатуға болмайтынын ескертті.

Бірқатар кәсіпкерлерге ресми ескертулер берілді. Алайда, талаптарды әлі күнге дейін орындамаған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі шаралар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — қала аумағындағы сауда орындарын ретке келтіру, тұрғындарға қауіпсіз әрі заңды сауда инфрақұрылымын қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады.