Шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы пысықталды

Шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы пысықталды

Тараз қаласының орталық алаңында “Қыс–2025” командалық штабтық оқу-жаттығуы аясында қалалық шұғыл әрекет ету жасағының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын тексеру мақсатында саптық байқау өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты — қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету қызметтерінің үйлесімділігін арттыру.

Саптық байқауға қалалық шұғыл әрекет ету жасағының 88 қызметкері мен 32 арнайы техникасы қатысып, олардың дайындық деңгейі, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен әрекет ету алгоритмдері пысықталды.

Мұндай оқу-жаттығулар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы маусымдағы апатты жағдайлардың алдын алу және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру бағытында маңызды рөл атқарады.