
31 қазан мен 1 қараша күндері қала әкімдігі, қалалық прокуратура, полиция басқармасы және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы аумағында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 30-ға жуық мейрамхана, клуб, ойын-сауық және қоғамдық орындарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қатысты 69 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 127, 441, 442 және 132 баптары бойынша хаттамалар толтырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттада жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.