
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар қоғамдық көлік бағытын ұзарту, көше жарығын орнату мен ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғындар жер кезегі, кәсіпкерлік бағытында жер беру, тұрғын үй, қаңғыбас иттерден келетін қауіптің алдын алу, аулаларда ойын, балалар алаңшасын салу жөнінде сауал қойды
Қала тұрғындарының сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.