Таразда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Таразда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Таразда 1 қараша, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.

Жәрмеңкеде Тараз қаласының тауар өндірушілерінің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылады.

Жәрмеңке Әлеуметтік базар алаңында, Жамбыл даңғылы, 18 Д мекенжайында болады.

Құрметті қала тұрғындары! Жәрмеңкеге келіңіздер!