
Бүгін Республика күні мерекесіне орай еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Мемлекет басшысының Жарлығымен түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Соның ішінде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды.
Марапатты облыс әкімі Ербол Қарашөкеев салтанатты жиында табыс етті.