Таразда Асқаров көшесіндегі автомобиль көпірі пайдалануға берілді

Таразда Асқаров көшесіндегі автомобиль көпірі пайдалануға берілді

Тараз қаласы әкімдігі ұйымдастырған баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері Асқаров көшесіндегі құрылысы аяқталған автомобиль көпіріне барды.

Асқаров көшесі мен «Ұлы дала» (15) шағын ауданын жалғайтын көпірдің ұзындығы – 61, ені – 9 метрді құрайды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған көпір құрылысы бүгінде толығымен аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр. Құрылыс мердігері – «ЖБИ-С» мекемесі.