Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қойгелді көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты Төле би даңғылы мен Сүлейменов көшесі аралығы 16 қазаннан бастап 1 ай мерзімге уақытша жабылады.
Осыған орай, қала тұрғындарынан жол қозғалыстары мен бағыттарын алдын ала айқындап алуды сұраймыз.