Тараз қаласы әкімінің 2025 жылдың 11 қыркүйегіндегі №2207 қаулысына сәйкес, 13 қыркүйек пен 15 қараша аралығында қала аумағында санитарлық-тазалық акциясының екі айлығы жарияланған болатын.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыұлттық экологиялық іс-шаралар легі жалғасуда.
Осыған орай, 11 қазан, сенбі күні «Жібек жолы» ауданындағы «Қызылабад» алқабына 10 000 дана қарағаш көшеті егіледі. Барша қала тұрғындарын, ұжым-мекеме қызметкерлерін осы іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!