
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Қалада сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы қатарынан 5 күн бойы +8°C және одан төмен болған жағдайда ғана жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар 2025–2026 жылғы жылыту маусымының басталу күнін жариялайды.
Жылу жүйесіне нысандарды кезең-кезеңімен қосу келесі ретпен жүзеге асырылады:
1-кезең: бірінші санаттағы нысандар – денсаулық сақтау, білім беру мекемелері және әлеуметтік нысандар жылуға қосылады.
2-кезең: 5 күнтізбелік күн ішінде орталықтандырылған жылу жүйесіне 1210 көпқабатты тұрғын үй, жатақханалар, қонақ үйлер, әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар және басқа да нысандар қосылады.
«Қазгидромет» мәліметі бойынша Тараз қаласына арналған ауа райы болжамы:
Ай бойынша орташа ауа температурасы +8,4…+12,8°C шамасында болады деп күтілуде, бұл облыстың көп бөлігінде климаттық нормадан шамамен 1°C жоғары, ал солтүстік бөлігінде – нормамен шамалас (норма: +7,7…+11,8°C).
Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы көтеріледі:
Түнде: +3…+5°C-тан +11…+13°C-қа дейін,
Күндіз: +11…+13°C-тан +23…+25°C-қа дейін.
Онкүндіктің соңына қарай температура төмендейді:
Түнде: +4…+6°C,
Күндіз: +17…+19°C.
Екінші онкүндікте:
Түнде: +10…+12°C дейін жылыну,
Күндіз: +23…+25°C дейін көтерілуі күтіледі.
Онкүндіктің екінші жартысында температура төмендейді:
Түнде: +3…+5°C,
Күндіз: +12…+14°C.
Онкүндіктің соңына қарай қайтадан жылынып,
Түнде: +4…+6°C,
Күндіз: +16…+18°C болуы мүмкін.
Үшінші онкүндікте температура төмендейді деп болжануда:
Түнде: +8…+10°C-тан бастап -1…-3°C дейін үсік жүруі мүмкін,
Күндіз: +21…+23°C-тан +10…+12°C дейін төмендейді.
Содан кейін температура қайтадан көтеріледі:
Түнде: +4…+6°C,
Күндіз: +16…+18°C дейін.
2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындықтың қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 4 қазанында қала әкімінің төрағалығымен отын-энергетика кешені басшыларының қатысуымен штаб отырысы өтеді. Осы отырыста жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.