
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Таразда 4 қазан, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің ауқымды жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеде Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылады. Сонымен қатар, 10 аудандағы тауар өндірушілердің өнімі сауда сөресіне қойылады.
Жәрмеңке Төле би көшесіндегі Орталық алаңда болады.
Құрметті қала тұрғындары! Жәрмеңкеге келіңіздер! Жәрмеңкеде күзгі жиын-терін өнімдерінің барлық түрі бар!