Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Таразда 20 қыркүйек, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеде Тараз қаласының тауар өндірушілерінің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылады.
Жәрмеңке Әлеуметтік базар алаңында, Жамбыл даңғылы, 18 Д мекенжайында болады.
Құрметті қала тұрғындары! Жәрмеңкеге келіңіздер!