Құрметті Тараздықтар!
Қала күні мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорындар арасында өтетін «Еңбек жолы» қалалық спартакиадасына шақырамыз!
Өтетін күні: 20 қыркүйек 2025 жыл
Басталуы: сағат 10:00
Өтетін орны: «Тараз-Арена» спорт сарайы (Тәуке хан көшесі, 22а)
Кімдер қатыса алады?
Тараз қаласының зауыттарында және кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшы мамандық иелері.
Спорт түрлері:
Жүзу (ерлер, әйелдер)
Секірмекпен секіру
Арқан тарту (8 адамнан құралған команда)
Гір тасын көтеру (16 кг)
Қол күрес (80 кг дейін және 80 кг жоғары)
Дартс (әйелдер)
Жеңімпаздар арнайы медальдар, дипломдар, кубоктар және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қатысу үшін өтінімдер 18 қыркүйекке дейін tarazsport@bk.ru
электронды поштасына қабылданады.
Байланыс телефондары: 8 707 884 40 43