«Nuri-Agro» баубақша орталығының жұмысы көпке үлгі

«Nuri-Agro» баубақша орталығының жұмысы көпке үлгі

Тараз қаласындағы Ұлбике ақын көшесіне «Nuri-Agro» баубақша орталығының қолдауымен 100-ге жуық ағаш егілді.

Жасыл желекке бөленген көше бүгінде бұрынғыдан да көрікті кейіпке енді. Егілген ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын орталық мамандары өздері жүргізіп отыр.

Бұл бастама – қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған игі қадам.