Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылы 13 қыркүйек күні, сағат 07:00-ден 10:00-ге дейінгі уақыт аралығында Тараз қаласының орталық алаңында орналасқан «Бәйдібек» ескерткіші алдынан бастап, Төле би даңғылының бойымен автокөлік базарына дейін марафон өтеді.
Осыған байланысты Орталық алаңнан бастап автокөлік базарына дейін уақытша жол жабылады.