Таразда Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия күрделі жөндеуден өтті

Таразда Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия күрделі жөндеуден өтті

Таразда Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия күрделі жөндеуден өтті. Аталмыш білім ордасы жаңа оқу жылын ерекше екпінмен қарсы алды.

Білім ошағында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, сантехникалар жаңаланып, электр жүйелері жаңғыртылды. Сондай-ақ ішкі әрлеу, абаттандыру, жылу, электр, ауыз су желілері жүргізілді. Қабырғаларын сейсмикалық талапқа сай күшейту, қасбетін бояу жұмыстары толық аяқталған.

Құрылысты «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.