Тараз қаласындағы «Балауса» (14) шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша:
145 тұрғын үй, оның ішінде таунхаус үлгіде – 64 тұрғын үй, көппәтерлі үйлер – 81 тұрғын үй, 2 мектеп, 3 балабақша, онкологиялық диспансер, көпсалалы аурухана, профильді емхана, лицей-интернат, Салтанат сарайы, инновациялық шығармашылық орталық, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, инженерлік құрылымдар, кәсіпкерлік нысандар қарастырылған. Тұрғын жай қоры 358100 м2, 14400 адамның қоныстануы жоспарлануда.
Шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның (газбен жабдықтау, жылу, электр, ауыз су, кәріз желілері мен сыртқы байланыс желілері) құрылысы 2016-2023 жылдардың аралығында жүргізілген. Шағын аудан толыққанды инфрақұрылыммен қамтылған.
Қазіргі таңда 5 қабатты 22 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша тұрғын үй ішкі алаңдық инженерлік желілерімен бірге қарастырылған. Жалпы тұрғын алаңы – 41 817 шаршы метр, пәтер саны – 800.