Тазалық сақтаудың тәртібі баршаға ортақ

Тазалық сақтаудың тәртібі баршаға ортақ

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтырғы жылы 1182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 1 тамыз бен 14 тамыз аралығында тазалық сақтамаған 233 нысан иесі анықталса, 175 адамға ескерту берілді және 58 адамға айыппұл салынды.

Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.