Таразда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Таразда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

2025 жылы Тараз қаласында жалпы ұзындығы 61,4 шақырымды құрайтын 26 жоба (108 көше, бұрылыс, тұйық, өткел) бойынша орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінгі күні аталған жоспар аясында 73 көшеде асфальт жабындысы төселді. Қазіргі уақытта Қойгелді көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары қала тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.