Ағымдағы жылы мердігер «СтройМонтажGroup» ЖШС-мен жол таңбалау жұмыстарына келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда Қазыбек би, Әйтеке би, Қонаев, Әйтиев, Желтоқсан, Қойгелді, Байзақ батыр көшелерінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пластик материалымен таңбалау жұмыстары жүргізілуде.
Пластик — жол таңбаларын сызуда қолданылатын заманауи материал. Ол беріктігімен, ұзақ мерзімділігімен және ауа райына төзімділігімен ерекшеленеді. Бұл түнгі уақытта жүргізушілердің жол таңбаларын анық көруіне мүмкіндік береді.