Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды

Жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды

Қала аумағында жалпы ұзындығы 277,9 шақырымды құрайтын магистралдық және ішкі кварталдық жылу желілері бар. Оның ішінде «Таразтрансэнерго» МКК қарауындағы 229 шақырым желінің тозу деңгейі — 67,8%.

2023–2024 жылдары қала әкімдігі тарапынан жылу жүйесін жаңғыртуға арналған 20 жоба әзірленді. Ұзындығы 72,4 шақырым болатын 11 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы сұралуда.

Ағымдағы жылы 3 жоба қолдау тапты. Соның бірі – Сыпатай батыр, Төле би және Тұрысов көшелері бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңарту. Қазір 1536 метр құбырдың 1400 метрі жаңартылды.

Екінші ірі жоба – Жамбыл даңғылы, Қонаев пен Сейфуллин көшелерін қамтитын М-3 магистралін қайта жаңғырту. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусымында басталды. Бүгінде 625 метр ескі құбыр алынып, 340 метр жаңа құбыр салынды.

Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Мақсат – тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету.