Таразда жалпықалалық сенбілік өтеді

Таразда жалпықалалық сенбілік өтеді

Құрметті қала тұрғындары!
Осы сенбі, 9 тамызда шаһарда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен меншік нысанына қарамастан барлық ұйым, кәсіпкерлік нысан иелері атсалысады.

Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан барша қала тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз!