Тараз қаласында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Тараз қаласында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

2025 жылдың 5 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

• Кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына орналастыру бойынша;
• Кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-ана құқығын шектеу мәселелері және т.б.

Әрбір мәселе бойынша комиссия мүшелері жан-жақты талқылау жүргізіп, тиісті шешімдер қабылдады. Сонымен қатар, мүдделі мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, барлық тапсырмалар отырыс хаттамасына енгізілді.