Биылғы жыл елімізде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы.
Мерейтойды ауқымды тойлау аясында күні кеше Таразда Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жиынға Тараз қаласындағы кітапхана қызметкерлері, жастар және Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш бастаған Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген делегация арнайы қатысты.
Ұлы ақынның есімін ұлықтау және 180 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін сөз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан сөз алып, іс-шараның мән-маңызына тоқталды.
Салтанатты іс-шара аясында Абай әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.