Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесінің төлемі, “Қапал” каналынан су түсіру, талдарды кесу бойынша сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғын үйлерді жөндеу, сауда орнын ашуға жер телімін беру, көшелерді жарықтандыру, жол белгілерін сызу, бағдаршам орнату секілді маңызды мәселелер көтерілді.
Тұрғындардың әрбір сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектері бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.