Таразда Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

Таразда Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды

 

Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жалпы аумағы – 2000 шаршы метр.

Жаңа нысанда сот сараптамасының төрт негізгі бағыты бойынша: химия-токсикология, биология, медициналық-криминалистика және наркология салаларында қызмет көрсетілетін болады. Сонымен қатар, сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама кабинеттері, зертханалар, кеңсе, мәжіліс залы мен мұрағат бөлмелері қарастырылған.

Институтта 70-ке жуық маман еңбек етеді. Қауіпсіздік жүйесі толық қамтылып, 21 бейнебақылау камерасы орнатылған.