Бүгін Тараз қаласының орталық алаңында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында жедел әрекет ету жасағының саптық байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков қатысушы құрылымдардың дайындығын тексеріп, жеке құрам мен техникалардың жай-күйі бойынша тиісті қызмет басшыларынан есеп алды.
Саптық байқауға 88 маман мен 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Қатысушылардың материалдық-техникалық жабдықтары, байланыс және құтқару құралдары көрсетіліп, олардың төтенше жағдай кезінде қолдануға толық дайын екені анықталды.
Мақсат – түрлі төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру.