Тазалық сақтамағандар айыппұл арқалайды

Тазалық сақтамағандар айыппұл арқалайды

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

 
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтырғы жылы 1182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
 
Сонымен қатар, 1 шілде мен 14 шілде аралығында тазалық сақтамаған 293 нысан иесі анықталса, 225 адамға ескерту берілді және 68 адамға айыппұл салынды.

 

Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.