Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабековтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Жиында әуелі Тараз қаласы полиция басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Дидар Өскенбай алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері туралы баяндады.
– Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы алаяқтықтың тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда +79,1 пайызға өсіп, ашылу көрсеткіштері 23,1 пайызға жақсарған. Интернет жүйесін пайдаланумен 242 қылмыстық іс тіркелді. Есеп беру мерзімінде қылмыстық істерді өндірістен аяқтауда 1525,0 пайызға, яғни, 8-ден 130-ға жоғарылады. Интернет-алаяқтықтың жалпы ашылуы 16,3 пайыздан 59,4 пайызға артып отыр, – деді Дидар Ғалымұлы.
Келесі кезекте Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығы» директорының орынбасары Ерғали Кембаев бұрын сотты болғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды оңалту мен әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан қылмыстық атқару жүйесінің департаментіне (ҚАЖД) қарасты түзеу мекемелелерден және Тараз қалалық пробация қызметінен жалпы 52 азамат тұрақты және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.